428,68 501,70 5.55
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Құлсарыда қабырғалары қақырап, едендері түсіп кеткен екі балабақша жабылды

  • 159
  • UPD: 23:47, 24.09.2020
Құлсарыда қабырғалары қақырап, едендері түсіп кеткен екі балабақша жабылды

Атырау облысына қарасты Құлсары қаласында 2 балабақша жабылып қалды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Ғимараттар осыдан екі жыл бұрын ғана пайдалануға берілген. Құрылысы сапасыз жүргізілгендіктен, қабырғалары қақырап, едендері түсіп кеткен. Әрқайсысы 290 орындық екі нысанға 1 млрд 128 млн теңге жұмсалған. Балабақшалар мұнай компаниясының демеушілігімен салынған еді. Қазір қыруар қаражат кеткен қос нысан қаңырап тұр. Қала басшылығы қателіктің әуел баста жобалаудан кеткенін айтады. Бірақ нақты қай тараптың кінәлі екені белгісіз. Жергілікті билік тексеріс жүргізіп жатыр. Олар құрылыстағы ақауға кім жауапты екенін анықтауы тиіс.

Айсұлу Кариева, «Өркен-2» балабақшасының меңгерушісі:

- Жылдан жылға қайталануына қарағанда биылғысы тіпті ұлғайып кетті. Бұл енді жеңіл-желпі жөндеуге келмейді. Шағымдандық. Мердігер мекеме жөндеу жұмыстарын келіп жасады. Бірақ қайталанып тұр.

Арай Нұрмаханова, Құлсары қаласы әкімінің орынбасары:

- Жобалау жұмыстарын жүргізген кезде қателіктер кеткен. Алдағы уақытта жобалау-сметалық құжаттары жасақталады. Құжаттамалардан кейін кім жөндейтіні белгілі болады.

Хабар 24 телеарнасы