429,38 501,70 5.60
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Таразда «Қазақ халқына мың алғыс!» стелласы ашылды

  • 236
  • UPD: 15:53, 28.09.2020

Ескерткіш 1910-1940 жылдары елімізге жер аударылып келген өзге ұлт өкілдерінің қазақ халқына деген зор ілтипатының белгісі ретінде бой көтерді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Жаңа монументтің ашылуы Қазақстан халқы Ассамблеясының 25 жылдығымен тұспа-тұс келді.

Зобалаң жылдары қазақ халқы қысылғанға сүйеу, қиналғанға медеу болды. Жаппай жер аударғандарды өзге деп өзегінен теппей, көптеген ұлтты бауырына басып, дәм-тұзымен бөлісті. Бұл тарихи факті. Ал мына еңселі ескерткіш қазақтың дархан көңілі мен пейіліне көрсетілген шексіз алғыс пен құрметтің символы. 

Парида Мамедова, Қазақстан халқы Ассамблеясы кафедрасының меңгерушісі:

- Ұлтаралық және конфессияаралық келісімді сақтау оның ерекшелігі, оның маңыздылығы әсіресе, жастардың арасында жаңадан осындай құндылықтарды сақтап, өзіміздің дәстүрлерімізді сақтауда зор үлесін қосады. Тек қана көрініс үшін емес. Адамдардың тәрбие жолында жаңа үрдістерді қосады деп ойлаймыз.

Стелла қаланың орталығындағы арбатқа қойылды.  Биіктігі – 30 метр. Монументтің ең басында қалықтаған қыран, одан төмен 4 шетінде шаңырақ орнатылған. Бұл түрлі ұлт өкілі бір шаңырақ астында бірлік пен келісімде өмір сүріп жатқандығын айшықтайды.

Алмас Садубаев, қала әкімінің орынбасары:

- Бұл жерде тату-тәтті. Барлық ұлт өкілдері осы қалада өмір сүріп жатқандығының белгісі. Және де тарихқа үлкен алғыс айту керек. Өйткені бейбітшілік, бірлік бар жерде ғана береке болады.

Тарихи ескерткіш жергілікті халықтың бірлігін нығайтып, мәдениетін дамытуға үлес қосады. Жастар тәрбиесінде де маңызды рөлге ие. «Өткенді білген ұрпақ келешегінен жаңылмайды», - дейді шараға қатысушылар. Айта кету керек, бүгінде Әулиеата өңірінде 87 этнос өкілдері өмір сүріп жатыр.

Авторлары: Руслан Бақытбекұлы, Тимур Сейілхан

Хабар 24 телеарнасы