427,91 501,70 5.60
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


«ҚазМұнайГаз» бен Air Astana компанияларының IPO-сы кейінге шегерілді

  • 160
  • UPD: 23:41, 24.09.2020
«ҚазМұнайГаз» бен Air Astana компанияларының IPO-сы кейінге шегерілді

«ҚазМұнайГаз» бен Air Astana компанияларын жекешелендіру науқаны кейінге шегерілді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұған себеп – әлемдік биржадағы тұрақсыздық. Бұл туралы бүгін «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қорының өкілдері хабарлады. Пандемияның жаһандық экономикаға тигізген кері әсеріне байланысты ұлттық компания акцияларын әзір сатпау жөнінде шешім қабылданды. Олардың IPO-осы тек 2022 жылы өткізіледі. Жыл соңына дейін «Қазақтелекомның» 10% еншісі қор нарығына шығарылады. Сөйтіп, ұлттық оператор квазимемлекеттік деп есептелмейтін болады. «Дегенмен, стратегиялық басқару пакеті «Самұрық-Қазынада» қала береді», - деді қор өкілі.

Ержан Тұтқышев, «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ активтерді дамыту және жекешелендіру жөніндегі басқарушы директоры:

- Бұған дейін біз жекешелендіру мерзімін кейінге шегеру туралы айтқан болатынбыз. Оған макроэкономикалық жағдай және қор биржаларындағы жағдайдың нашарлауы себеп болды. Соңғы уақытта тұрақтала бастады. Инвестициялық белсенділік өсуде. Сондықтан қор 2023 жылдың соңына дейін ірі активтерін жекешелендірудің белсенділігіне көшуге жоспарлап отыр.

Хабар 24 телеарнасы