428,68 501,70 5.55
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Нұр-Сұлтанда жануарларды қорғау жөнінде кеңес құрылады

  • 121
  • UPD: 10:12, 25.09.2020
Нұр-Сұлтанда жануарларды қорғау жөнінде кеңес құрылады

Оның құрамына зооқорғаушылар, қоғам қайраткерлері, ветеринар қызметкерлер, ғалымдар, ауыл шаруашылығына қатысты ЖОО-ның оқытушылары мен тәжірибеші ветеринарлар кіреді.

Топтың отырысы әрбір 4 ай сайын өтеді. Бұл туралы әкімнің орынбасары Нұрлан Солтамбеков бүгінгі зооқорғаушы өкілдермен кездесу барысында мәлімдеді.

Кеңес қалалық әкімшілік жанында қызмет етеді. Ол жануарлардың құқықтарын қорғаумен, қаланы күтіп ұстау бойынша инфрақұрылым жәнепанасыздық (жануарларға арналған пана, популяция санын реттеу) мәселелерімен, ең бастысы жануарларға гуманизмдік қарым-қатынаспен қарау принципін қолдаумен айналысатын болады.

Мемлекеттік мекеменің бастамасын зооқорғаушылар бірден қолдады.

«Қоғамдық кеңес құру мәселесін біз 2017 жылдан бастап көтеріп келеміз. Тіпті Қамқорлық кеңес туралы ереже де жаздық, бірақ өтпеді. Бұл дұрыс көзқараспен жасалған жақсы бастама деп ойлаймын. Бір жағынан әкімдік тарапынан қоғамдық бақылау мен ұйымдастырушылық қолдау болады», – деді INUCOBO жануарларды қорғау қауымдастығының президенті Лилия Сәрсенова.

Хабар 24 телеарнасы