428,68 501,70 5.55
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


ШҚО-да биіктігі 12 сантиметр қар жауды

  • 254
  • UPD: 17:05, 25.09.2020
ШҚО-да биіктігі 12 сантиметр қар жауды instagram.com/osa_news_vko

Шығыс Қазақстанда қар жауды. Жергілікті жұрт ақ ұлпаның көріністерін әлеуметтік желіде бөлісіп жатыр, деп хабарлайды «Хабар 24».

Күршім ауданындағы тұрғындардың бірі Марқакөл қорығы аумағында қардың қалыңдығы таңертең 12 см-ге жеткендігін айтады.  Сонымен қатар Риддер, Қатонқарағай сияқты  аймақтардағы шыршалар мен тау бастары ақ мамыққа оранған. Тау ішінде метеобекеттер болмағандықтан, ол жақтағы қар қабатының қалыңдығы әлі белгісіз. Синоптиктер  бұл  жағдай өлке үшін таңсық құбылыс емес дейді. Өйткені жыл сайын әдетте қыркүйек айының басында  қардың түсуі тіркеліп тұрады екен. Дегенмен суық күн райы  әлі бірнеше күнге созылуы ықтимал дейді мамандар.

Шырайлым Заманбекова, «Қазгидромет» РМК маманы:

– Жаңбырдың соңы қарға ұласу қалыпты жағдай болып табылады, ал алдағы 3 тәулік бойынша ауа райының үш тәулікке тұрақсыздығы сақталады, жаңбырдың қарға ұласуы және жел екіпінінің 15-20 сек/м дейін күшеюі мүмкін.

Хабар 24 телеарнасы