432,64 506,00 5.46
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Мемлекет қажеттілік үшін бұзатын үйден жұртты қуып шығуды доғаруы керек – Коммунистер

  • 328
  • UPD: 16:17, 25.09.2020

Баспана адамның мүлкі ғана емес, бұл әрбір азаматтың құқығы. Сондықтан оны бұл құқығынан айыруға болмайды.

Қазақстан Коммунистік Халық партиясы еліміздегі тұрғын үй қатынастары туралы заңды жетілдіру керек деген пікірде. Бұл бастаманы «Қазақстандағы парламентаризмді дамыту қоры» қоғамдық қоры да қолдап отыр.

Айтуларынша, мемлекеттің қажеттілігі үшін алынатын жер телімдері немесе түрғын үйлеріне нарықтық құны бойынша, төлемақы төленуі тиіс. Күн суықта, адамдарды тұрып жатқан үйінен немесе жерінен мәжбүрлі түрде көшіруді тоқтату қажет. Осы мақсатта қолданыстағы жер кодексіне де, «сот орындаушылардың мәртебесі» туралы заңына да, тиісті түзетулер енгізу қажет» дейді Қазақстан Коммунистік Халық партиясының өкілдері.

Ирина Смирнова, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:

- Өңірлерді дамытудың бас жоспары туралы ақпарат халыққа қолжетімді болуы тиіс. Әйтпесе әкімдер ойларына келгенде үйлеріңіз сүрілуі керек деп, тұрғындардан дереу көшулерін талап етеді. Біз заңға осындай өзгеріс енгізу арқылы бұл сорақылықтардың барлығына тоқтау салмақпыз.

Хабар 24 телеарнасы