Шымкент қаласының мемлекеттік бас санитариялық дәрігерінің қаулысы бойынша қалада шектеу шаралары ұзартылды.
Қаулыда келесі мәселелер қамтылған:
- адамдардың жаппай жиналуына байланысты іс-шараларды (еске алу, туған күндер, мерейтойлар, шығарып салу, құдалық, той, беташар және басқалар) өткізуге тыйым салу;
- 65 жастан асқан адамдардың қала бойынша жүруін шектеу, қала бойынша жүріп-тұру кезінде бетперде кию бойынша міндетті талапты және кемінде 2 метр әлеуметтік қашықтықты сақтау;
- 3 адамнан немесе бір отбасы мүшелерінен аспайтын топтармен аулаларда серуендеуге және саябақтарға, алаңдарға, скверлер мен жағалауларға баруға рұқсат ету;
- тұрғын үйлердің аулаларында және жалпы пайдалану орындарында 3 адамнан аспайтын топтарда орналасқан балалардың ойын алаңдарына баруға рұқсат етілсін;
Сонымен бірге қоғамдық орындарға, адамдар көп жиналатын нысандарда, оның ішінде қоғамдық көліктерде бетперде тағу және антисептик пайдалану жөніндегі талаптарды қатаң сақтау қажет.