432,64 506,00 5.46
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Қазақстанда кезекші сыныпта оқитын қанша баладан коронавирус анықталды

  • 213
  • UPD: 15:59, 25.09.2020
Қазақстанда кезекші сыныпта оқитын қанша баладан коронавирус анықталды

Қазақстанның екі өңіріндегі бірнеше мектеп пен бір балабақшадағы 16 баладан коронавирустық инфекция анықталды.

Коронавирус жағдайлары кезекші сыныптар мен кезекші топтарда тіркелген.

Бұл туралы ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің ресми өкілі Бағдат Қожахметов ОКҚ брифингінде айтты.

«Аталған оқу орындары мен балабақшалар ереже бойынша 14 күнге жабылды. Сол мектептерде жұмыс істейтін барлық мұғалім, тәрбиешілер және балалардың отбасы мүшелері түгел ПТР-тест тапсырып, бақылауға алынды. Олар 14 күн үйлерінде оқшауланады», - деді.

Хабар 24 телеарнасы