427,88 501,70 5.49
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қостанай облысында құс тұмауының беті қайтпай тұр

  • 149
  • UPD: 17:30, 25.09.2020
Қостанай облысында құс тұмауының беті қайтпай тұр

Қостанай облысында құс тұмауынан жапа шеккен елді мекендердің бірі – Меңдіқара ауданындағы Красная Пресня ауылы, деп хабарлайды «Хабар 24».

Мұндағы бір ғана үйдің мыңнан аса құсы қырылып қалған. Ауыл карантинге жабылып, блок-бекет қойылды. Қазір вакцинациялау, зарасыздандыру жұмыстары жүріп жатыр. Ауыл шаруашылығы министрлігі таратқан ақпаратқа сүйенсек, Қостанай облысында жеке үй шаруашылығындағы өлген құстардың саны 2 мың 200-ге жуық. Алайда тұрғындар шығын көлемі одан біршама көп дейді. Себебі бір ғана үйден 420 үйрек, 380 қазы, 47 тауық пен 28 күркетауық қырылып қалған.

Зухра Руселбаева, Красная пресня ауылының тұрғыны:

– Олардың барлығы – асылтұқымды құстар. Бәрін санағанда – 1298. Өзімізде ғана. Вакцинация кешеден бастап жүріп жатыр. Қиын боп тұр. Бағатын кісілері бар, компенсациямен шықпаймыз ғой бәрібір.

Хабар 24 телеарнасы