429,59 501,70 5.61
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Асхат Аймағамбетов COVID-19 індетіне қарсы отандық екпені қабылдады

  • 146
  • UPD: 17:20, 25.09.2020
Асхат Аймағамбетов COVID-19 індетіне қарсы отандық екпені қабылдады

ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов COVID-19-ға қарсы отандық вакцинаға қатысты тәжірибесімен бөлісті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Клиникаға дейінгі зерттеудің нәтижесін күнделікті алып тұрдым. Екпе сараптамасының нәтижесі мен тиімділігін көріп, отандық екпені ектіруді жөн деп шештім. Одан бері біраз уақыт өтті. Өзімді жақсы сезініп жүрмін. Ешбір катаралдық белгі байқалмады, қызуым да көтерілмеді», – деді министр Асхат Аймағамбетов.

Оның айтуынша, отандық ғалымдардың ғылыми зерттеулері шетелде де қолданылып жүр.

«Зерттеушілер жылдар бойы инфекциялық ауруларға қарсы вакцина әзірлеп, қолданысқа енгізіп жүр. Ол елімізбен қатар шетелде де белсенді қолданысқа ие», – деп пікір білдірді.

Хабар 24 телеарнасы