427,91 501,70 5.60
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Tengri Bank салымшылары ақшаларын қалай қайтара алады?

  • 157
  • UPD: 20:10, 25.09.2020
Tengri Bank салымшылары ақшаларын қалай қайтара алады?

Тенгри банкте 36 мыңнан астам салымшы депозит немесе шот ашқан, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бірақ олардың тек үштен бірі ғана банкте қомақты қаражат сақтаған. Салымшылардың барлығына ақшасы қайтарылады. Ол үшін агент-банкке барудың қажеті жоқ. Еуразиялық банктің сайтына кіріп, онлайн форматта өтініш қалдыру жеткілікті. Әркім өзінің депозитіндегі сомасын да осы порталдан қарап біле алады. Қаржы ұйымының қызметкерлері әр клиенттің ақшасын шотқа салып, банк картасын үйге дейін жеткізеді. Бұл туралы бүгін Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қорының төрағасы Нұрлан Өтембаев біздің арнаға берген сұхбатында хабарлады.

Әділ Өтембаев, «Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қоры» АҚ төрағасы:

– Tengri Bank-те 36 жарым мың салымшы болды. Олардың 33 мыңы ғана шотта ақша ұстаған. Алайда көбінің депозиттері мың теңгеден аспайды. Біз келер аптада ең алдымен қомақты қаражаты бар 12 мың адамды күтіп отырмыз. Олар – жеке тұлғалар мен жеке кәсіпкерлер.

Хабар 24 телеарнасы