432,64 506,00 5.46
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Павлодар облысында тоғыз оқушы COVID-19 инфекциясын жұқтырған

  • 178
  • UPD: 20:10, 25.09.2020
Павлодар облысында тоғыз оқушы COVID-19 инфекциясын жұқтырған

Бұл туралы өңірдің бас санитарлық дәрігері мәлімдеді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Мамандардың хабарлауынша, төрт бала күндізгі бөлімде, ал бес оқушы қашықтан білім алған.

Ауру жұқтырғандардың басым бөлігі Шарбақты ауданында тіркеліп отыр. Нақтырақ айтсақ, індет екі ауылдағы мектеп оқушысында табылды. Олар Алексеевка орта мектебі және Қосқұдық ауылындағы білім беру ошағы. Оқушылардың барлығы бастауыш сыныптарда оқиды. Сырқат жұқтырғандармен байланыста болған 98 оқушы мен мұғалімдер тексерілді. Қалған деректер Павлодар және Ақсу қалаларының мектептерінде анықталды.

Айта кетейік, коронавирус жұқтырған балалардың денсаулық жағдайы тұрақты, шағымдары жоқ. Қазіргі уақытта мектептерде эпиедмиологияға қарсы шаралар қолға алынды. Жалпы, бүгінгі күнге дейін өңірде инфекция жұқтырудың 3897 дерегі тіркелді. Күнделікті өсім 0,1% құрап отыр.

Хабар 24 телеарнасы