427,91 501,70 5.60
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Шымкентте карантин мерзімі 12 қазанға дейін ұзартылды

  • 191
  • UPD: 20:09, 25.09.2020
Шымкентте карантин мерзімі 12 қазанға дейін ұзартылды

Қаланың бас санитарлық дәрігерінің қаулысына сәйкес қалада жүріп-тұру, қоғамдық орындарға барған кезде бетперде тағу және антисептик пайдалану міндеттеледі, деп хабарлайды «Хабар 24».

Сауда орталықтары, азық-түлік дүкендері мен қызмет көрсету нысандарында күнделікті дезинфекциялық жұмыстар жалғасады. Орналасқан орнына қарамастан, барлық азық-түлік гипермаркеттері мен супермаркеттер демалыс күндері жұмысын тоқтатады. Адамдар арасындағы 2 метр әлеуметтік қашықтықты сақтау талап етіледі. Қоғамдық моншалар мен сауналардың сыйымдылығы 50% аспауы тиіс. Адам көп жиналатын жиын-той, туған күн, еске алу және ас өткізуге тыйым салынады. 65 жастан асқан егде кісілердің қоғамдық орындар мен қала ішінде жалғыз жүруіне шектеу қойылады. Кинотеатрлар мен ойын-сауық кешендерінің, балалардың ойын алаңдары мен батуттардың жұмысына тыйым салынады.

Хабар 24 телеарнасы