429,59 501,70 5.61
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Павлодар облысында құс тұмауының тағы бір ошағы анықталды

  • 193
  • UPD: 20:09, 25.09.2020
Павлодар облысында құс тұмауының тағы бір ошағы анықталды

Железин ауданындағы Жаңа жұлдыз ауылында патогенді инфекцияның бары расталды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Сол елді мекенде 10 нан аса құстың қырылғаны бұған дейін айтылған еді. Құстардан шұғыл түрде сынама алынып, сараптамаға жіберілді. Ал қанаттылардың өлімі қыркүйек айының басында тіркеле бастаған. Бірақ құс тұмауы деген дерек расталмады. Жалпы ауылдық округ аумағында белгісіз аурудан 2 мыңнан астам құс өлді. .

Бауыржан Қаңтарбаев, Железин аудандық кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы:

– Бүгінгі таңда ауылдық округ әкімінің карантин енгізу туралы шешімі қабылдануда. Қазіргі уақытта жергілікті атқарушы билік өкілдері елді мекеннің айналасын жырту және бекет орнату жұмыстарын жүргізуде. Әкімнің шешімі заңды күшіне енген соң эпизоотикаға қарсы жасақ құстарды ұстап, жою жұмыстарына кіріседі.

Хабар 24 телеарнасы