428,68 501,70 5.55
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Сенат депутаттары Семейдегі білім беру ұйымдарының қызметіне назар аударды

  • 95
Сенат депутаттары Семейдегі білім беру ұйымдарының қызметіне назар аударды

Сенат депутаттары Семейде де болды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бірқатар әлеуметтік нысанды аралап көрген олар білім беру ұйымдарының қызметіне назар аударды. Мәселен, медициналық университетте қашықтан оқыту ісі жолға қойылған. Оқу кабинеттерінің техникалық жабдықталуы көңілден шығады. Осындай оң үрдіс орта білім беру саласына да тән. Кезекші сыныптар санитарлық талаптарды бұлжытпай орындап жүр. «Онлайн мектеп» платформасының тиімді тұстары көп дейді ұстаздар. Сенаторлар Қарағайлы шағын ауданында салынып жатқан жедел жәрдем ауруханасының құрылысымен де танысты.

Нұртөре Жүсіп, ҚР Парламенті Сенатының депутаты:

- Денсаулық, пандемия жағдайында халықтың тұрмыс-тіршілігі қандай деген мәселе жөнінде және екінші толқын келеді деген қауіп те айтылып жатыр, соның алдын алу бағытында қандай әрекеттер жасауға болады. Міне, осы мәселелердің барлығын өз көзімізбен көріп, қанығып қайтайық деп келген болатынбыз.

Хабар 24 телеарнасы