428,68 501,70 5.55
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Кәсіпкерлер: Жер кодексі мен салық заңнамасының кейбір баптары – бизнестің дамуына тұсау

  • 181
Кәсіпкерлер: Жер кодексі мен салық заңнамасының кейбір баптары – бизнестің дамуына тұсау kostanaytv.kz

Мәселен, жер қойнауын пайдаланушылардың алғашқы өнім алғанша салықтан жеңілдік жасалса деген тілегі бар, деп хабарлайды «Хабар 24».

Парламент Сенатының экономикалық саясат, инновациялық даму және кәсіпкерлік комитетінің көшпелі отырысында бизнес өкілдері тиісті заңнамаларға өзгеріс енгізуді сұрады. Мемлекет басшысы биылғы Жолдауында шағын және орта кәсіпкерліктің жалпы ішкі өнімдегі үлес салмағын 35 процентке жеткізуді тапсырған еді. Бұл бағытта Қарағанды өңірінің аяқалысы жаман емес. Жыл басынан бері өнеркәсіптегі өнім көлемі 1 триллион 850 миллиард теңгеге жеткен. Қазір аймақта құны 2 триллион теңге болатын 45 ірі инвестициялық жоба жүзеге асып жатыр. Жыл соңына дейін 12-сі іске қосылады. Шамамен 12 мың адам тұрақты жұмыспен қамтылады.

Әлімжан Құртаев, ҚР Парламенті Сенатының депутаты:

– Орта және кіші бизнес өкілдерінің өздерінің көкейінде жүрген сұрақтар, проблемалық мәселелерін тыңдадық. Ол салық кодексіне байланысты, жер кодексіне байланысты, бизнесті әрі қарай дамытуға өздерінің ұсыныстарын, ой-пікірлерін айтты. Оның барлығы біздің комитеттің алдағы уақыттағы жұмыс жоспарына кіретін болады.

Хабар 24 телеарнасы