428,77 501,70 5.55
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Екі инспектордың өліміне себепкер болған полиция қызметкеріне қатысты сот отырысы өтті

  • 215
Екі инспектордың өліміне себепкер болған полиция қызметкеріне қатысты сот отырысы өтті

Алматы облысының Қарасай аудандық сотында карантин кезінде блок-бекетті соғып, екі инспектордың өліміне себепкер болған экс-полицей Азат Азаматовтың ісіне қатысты кезекті сот отырысы өтті, деп хабарлайды «Хабар 24».

25 мамыр күні таңертен BMW маркалы көліктің мас жүргізушісі блок-бекеттегі бетон қоршауды, кейін патрульдік көлікті соққан. Оқиғадан полиция қызметкерлері Жарас Жанғазиев пен Дастан Әбдіқанов қаза тапқан еді. Өткен аптада болған сот отырысында Азат Азаматов өз кінәсін толық мойындады. Бүгін сол қайғылы оқиғадан зардап шеккен Ербұлан Сейдазым куәгер ретінде тыңдалды. Полиция капитаны қатты соққының салдарынан ауыр жарақат алып, бір ай көлемінде ауруханада жатып шықты. Бүгін тосқауыл бекетіне жақын тұратын Сәлима деген азаматша да куәгер ретінде тыңдалды.

Хабар 24 телеарнасы