427,91 501,70 5.60
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Оқушылар арасындағы төбелес: Ақтөбе облысында үш мектептің директоры қызметінен кетті

  • 161
  • UPD: 22:18, 25.09.2020
Оқушылар арасындағы төбелес: Ақтөбе облысында үш мектептің директоры қызметінен кетті

Алайда облыстық білім басқармасы тексерудің тиісті дәрежеде жүргізілмегенін мәлімдеді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Сондықтан педагогтар қайтадан қызметіне оралды. Қазір бұл істі облыстық деңгейде құрылған арнайы комиссия зерделеуге кірісті. 20 қыркүйек күні Темір ауданындағы 3 мектептің жоғарғы сынып оқушылары арасында кикілжің туып, арты қыздар арасындағы төбелеске ұласқаны белгілі. Топ болып бір жеткіншекті соққыға жыққандардың бейнесі әлеуметтік желіге тарап кеткен еді. Оқиғаға қатысты тәртіп сақшылары да тергеу амалдарын жүргізіп жатыр.

Нұргүл Бертілеуова, облыстық білім басқармасы жетекшісінің орынбасары:

– Үш директорды да орнынан босату негізсіз болғандықтан, орнына қайтадан тағайындалды. Негіз болу үшін міне, ертең білім басқармасы тарапынан зерделеу жұмыстары жүргізіледі. Сол кезде үш директор лауазымдық міндеттерін дұрыс орындамағаны анықталған жағдайда ғана белгілі бір шара қолданылатын болады. Ал қазіргі таңда толық зерделеу жүргізілмегендіктен, оны орнынан алып тастау ол негізсіз.

Хабар 24 телеарнасы