428,50 501,70 5.49
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Праймеризге ҚРКФ 2,7 мың үміткер қатысады

  • 141
Праймеризге ҚРКФ 2,7 мың үміткер қатысады

Nur Otan партиясының праймеризіне кәсіподақтар федерациясының 2 мың 700 мүшесі қатысады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бүгін олардың 60-қа жуығы онлайн форматта бас қосты. Олар әрбір үміткердің сайлауалды бағдарламасына еліміздің кәсіподақтар федерациясының 2020-2025 жылдарға арналған стратегиялық жоспарындағы негізігі бағыттарды қосу және іске асыру жолдарын талқылады. Іс-шара қыркүйектің соңғы жексенбісінде аталып өтетін «Еңбек» күніне орайластырылған. Конференцияны ұйымдастырушылар егер кәсіподақ мүшелері заң шығарушы орган құрамына қосылса, қарапайым жұмысшылардың мүддесін қорғайтынына сенімді.

Нұрлан Өтешов, ҚРКФ төрағасының орынбасары:

– Әр аймақтың, әр ауданның өзінің ерекшелігі бар. Сол ерекшеліктерге қарап, стратегияның үзінділерін не жалпы идеяларын ұсынуға болады. Ал жалпы 2,5 мыңнан астам азаматтардың бағдарламаларына сүйеніп жатса, ертең Nur Otan ұтуға үлкен мүмкіндіктерін туғызады. Неге десеңіздер, сол стратегияда еңбекті өз қолымен істеп жатқан қарапайым азаматтардың мұңы да проблемалары да, сонымен қатар сол проблемаларды шешу жолы да көрсетілген.

Хабар 24 телеарнасы