428,68 501,70 5.55
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


СҚО-да жедел жәрдем көліктері жаңартылды

  • 123
  • UPD: 09:31, 26.09.2020
СҚО-да жедел жәрдем көліктері жаңартылды

Солтүстік Қазақстан облысының жедел жәрдем орталығы жаңа көліктермен толықты, деп хабарлайды «Хабар 24».

Соңғы үлгідегі су жаңа 18 реанимобиль Петропавл жұртшылығына қызмет көрсетеді. Әрқайсысының құны шамамен 34,5 миллион теңге. Және ол өкпені жасанды желдету және көп деген соңғы үлгідегі қондырғылармен жабдықталған.

Айта кету қажет, бүгінгі күнге дейін облыс жедел жәрдем көліктерімен тек 76%-ке ғана қамтамасыз етілген болатын. Оның үстіне басым бөлігі ескірген. Енді жыл соңына дейін бұл мәселе түбегейлі шешілмек. Яғни, қараша айында өңірге тағы осындай 20 көлік сатып алынбақшы. Ал, олар аудандарға жөнелтіледі.

Асхат Өтебаев, облыстық жедел медициналық көмек орталығының бас дәрігері:

- Реанимобильдер заманына сай құрал-жабдықтармен жабдықталған. Мұнда мына өкпені жасанжы желдету аппараты бар. Бұл апапараттардың бұл жерде мүмкіншілгі өте зор. Салмағы 500 грамм нәрестеден бастап үлкеннің бәріне көмек көрсете алады. Мүмкіншілігі өте жоғары.

Хабар 24 телеарнасы