428,77 501,70 5.55
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қарасай ауданында жаңа спорт кешені пайдалануға берілді

  • 175
  • UPD: 10:45, 26.09.2020
Қарасай ауданында жаңа спорт кешені пайдалануға берілді

Алматы облысы Қарасай ауданында жаңа спорт кешені ашылды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Ел игілігіне берілген нысан мемлекеттік және жекеменшік әріптестік бағдарламасы негізінде Райымбек ауылында салынды. Дене шынықтыру және сауықтыру кешенінің жалпы аумағы үш жарым мың шаршы метр. Оның салтанатты ашылуына облыс әкімі Амандық Баталов қатысты. Кейінгі жылдары Жетісу өңірінде заманауи спорттық нысандар саны артып келеді. Бүгінде кәсіби және бұқаралық спортпен облыс тұрғындарының 30%-і шұғылданады. Жаңадан ашылған бұл спорттық кешенде күрес, бокс, таэквондо, стол теннисі, шахмат үйірмелері бар. Ал футбол, баскетбол мен волейбол ойнауға арналған алаңға 330 көрермен еркін сыяды. Бұл нысан енді аудандағы жастарды спортқа баулуға, олардың кәсіби спортпен шұғылдануына мүмкіндік береді.

Айта кетейік, Алматы облысының спортшылары ел біріншіліктері мен халықаралық жарыстарда үнемі жақсы көрсеткіштерге қол жеткізіп жүр.

Әлима Сырымова, Райымбек ауылының тұрғыны:

- Қызым каратэге қатысады. Қалаға қатынау қиынырақ болып тұр. Оны кішкентайынан спортқа беруге тырысамын. Өзіміз де жаттығу залы бар. Негізі балаларымыз спортта. Жақын арада ашылғаннан кейін тіпті жақсы өзімізге, соған қуанып жатырмыз.

Хабар 24 телеарнасы