Алматыда 500 орындық жаңа жұқпалы аурулар ауруханасы салынды.
Қала әкімі Бақытжан Сағынтаев оны Instagram-дағы парақшасында көрсетті.
Коронавируспен күресуге арналған жаңа жұқпалы аурулар ауруханасы Жекенова атындағы қалалық клиникалық жұқпалы аурулар ауруханасының негізінде салынған.
Сондай-ақ аурухананың жалпы ауданы төрт гектар, ал ғимараттың өзі 28,6 мың шаршы метрді екені белгілі.
Ауруханада сегіз медициналық бокс және екі қарқынды терапия палатасы бар.