427,91 501,70 5.60
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Талдықорғанда волонтерлер шала туған нәрестелердің аналарына сыйлық жасады

  • 124
  • UPD: 16:04, 26.09.2020
Талдықорғанда волонтерлер шала туған нәрестелердің аналарына сыйлық жасады

«28 ілмек» волонтерлер клубының Талдықорған қаласындағы мүшелері бірнеше жылдан бері жергілікті перинаталдық орталықтағы шала туған балаларға табиғи жүннен жасалған киім-кешектерді сыйға тартып келеді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Ол – бас киім, күртеше, шұлық сияқты заттар жиынтығы. Волонтерлер бұл киімдерді өздері тігеді. Еріктілер клубы мүшелерінің айтуынша, табиғи жүннен жасалған киімдер шала туған шақалақтарды жылытып қана қоймайды, оған қоса, массаж жасап, әлдендіретін қасиеті де бар. «28 ілмек» клубының Қазақстан бойынша 2,5 мыңнан астам мүшесі бар. Әлемнің 11 елінде өкілдіктері жұмыс істейді. Олар құрылғалы бері шала туған балалардың аналарына 150 мыңнан астам киім-кешек сыйлапты.

Дияс Досанов, нәрестелер бөлімінің меңгерушісі:

- Шала туған балалардың рефлекстері төмен болады. Таза қойдың жүнінен жасалған киімдер, аяқ киім, бас киім және мынандай жейде бала ұйықтап жатқан кезде тітіркендіріп, рефлекстерін іске қосып, сөйтіп, көмектесіп тұрады. Табиғи өнім, сол үшін де пайдалы.

Хабар 24 телеарнасы