427,93 501,70 5.55
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Жамбыл облысында «Алдаспан - 2020» ауқымды оқу-жаттығуы өтті

  • 188
  • UPD: 20:13, 26.09.2020

Жамбыл облысында «Алдаспан - 2020» ауқымды оқу-жаттығуы өтті. Мәтібұлақ полигонына 2000-нан астам әскери қызметші келді.

Жауынгерлік тапсырманы алғаннан кейін әскери күштер шартты жауды жеңді. Маневрлерге әртүрлі жауынгерлік техника қатысты.

Қорғаныс министрі Нұрлан Ермекбаев жауынгерлердің іс-әрекеттеріне жоғары баға берді. Кейін ол Сарыөзекте нысандардың қысқа дайындығын тексерді. Қорғаныс министрі жұмыстағы іркілістерге жол бермеу және әскери объектілерді күтіп ұстауды қамтамасыз ету үшін жүйелі шараларды пысықтауды тапсырды. Нұрлан Ермекбаев Алматы облысының Тілендиев кентінде жаңадан құрылған бітімгерлік дайындық оқу орталығында болып, сыныптарды, оқу-материалдық базаны тексерді, нұсқаушылармен және оқытушылармен кездесті.

Хабар 24 телеарнасы