427,91 501,70 5.60
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


ҚР мен Оңтүстік Корея індетпен бірлесіп күреседі

  • 191
  • UPD: 00:02, 27.09.2020

Қазақстан мен Оңтүстік Корея дәрігерлері эпидемиямен бірлесе күреседі. Келісім елордада екі елдің денсаулық сақтау министрлігі өкілдерінің кездесуінде жасалды.

Оңтүстік Корея телекоммуникациялық корпорациясы жаһандық эпидемияның алдын алу платформасын ұсынды. Бұл платформа Оңтүстік Кореяда 2015 жылдан бастап, ел MERS вирусымен күресіп жатқан кезде іске қосылды. Жүйе әлі де тиімді қолданылып келеді. Мысалы, ол Сеулдің Итэвон ауданындағы түнгі клубтар клиенттерін анықтауға көмектесті. Мамыр айында ойын-сауық орталықтарында коронавирус жұқтырған адам болған. Эпидемияның алдын алу платформасының арқасында Кванхвамун алаңында 15 тамызда өткен заңсыз митингке көптеген қатысушылардан вирус табылды. Жүйе жұқтырған адаммен байланыстағы адамдардың орналасу орнын анықтауға ғана емес, сонымен қатар олардың тестілеуден өтуін және емделуін бақылауға мүмкіндік береді. 

Бён Хён Гюн, Корея телекоммуникациялық корпорациясының вице-президенті: 

- Корея мен Қазақстанның денсаулық сақтау министрліктері арасында жұқпалы ауруларға ден қою бойынша жұмыс тобы анықталды. Жаһандық эпидемияның алдын алу платформасын іске асыру туралы оң пікірлер айтылды. Платформа болашақта Қазақстанда коронавирусты ғана емес, басқа пандемиялардың алдын алуға көмектеседі деген үміттеміз.

Хабар 24 телеарнасы