428,68 501,70 5.55
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


«Ақжол» партиясы пандемиямен күресушілерге алғыс білдірді

  • 122
  • UPD: 22:58, 26.09.2020

«Ақ жол» демократиялық партиясының төрағасы Азат Перуашев бастаған фракцияның бір топ депутаттары Шымкент қаласына барды.

Сапар барысында партия белсенділері дәрігерлермен кездесті. Азат Перуашев ақ халатты жандарға індетпен күрес кезінде қажырлы еңбектері үшін алғыс айтып, ерліктерін жоғары бағалады. Бірнеше дәрігерді «Жанқиярлық еңбегі үшін» медалімен марапаттады.

Партия төрағасы өз сөзінде «Біз жеке медициналық мекемелерді COVID-19-бен күреске тартуға және олармен өзара іс-қимылды қайта қарау жөнінде Үкіметке, Денсаулық сақтау министрлігіне бірнеше сауал жолдадық. Дәрігерлер қазірдің өзінде Еуропа мен Ресейде басталған індеттің екінші толқынына алаңдаулы. Бұл мәселені мемлекеттік органдардың алдына қоятын боламыз» деді. Жиында партия қатарына жаңадан қосылған мүшелерге арнайы құжаттар табыс етілді.

Азат Перуашев, «Ақжол» демократиялық партиясының төрағасы, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:

- Кәсіпкерлікке тиісті мемлекеттік бағдарламаларға байланысты қалай іске асырылуы мәселелері, қандай жетістігі бар, кемшілігі бар сол жайында өзіміздің ағымдағы Парламенттік жұмысымыз бойынша қандай мәселе көтеру керек, осы Үкімет алдында тиісті мемлекеттік органдар алдында не айтуымыз керек деп ақылдастық.

Хабар 24 телеарнасы