429,59 501,70 5.61
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


БҚО-да 900 мың га аса жер игерілмеген

  • 170
  • UPD: 08:46, 27.09.2020

Батыс Қазақстан облысында ауыл шаруашылығы мақсатындағы 900 мың гектардан аса жер игерілмеген, деп хабарлайды «Хабар 24».

Мұны арнайы құрылған мониторингтік топ анықтады. Ескертуден соң, фермерлер жерді игеруге белсене кіріскен. Ал 115 мың гектарға жуық алқап мемлекет меншігіне қайтарылды. Өңірде ауыл шаруашылығы жерлеріне мониторинг жүргізу әдісі жетілдірілді. Енді мамандар бұрынғыдай әрбір агроқұрылымға бармай, кеңседе отырып-ақ, ғарыштан бақылау жасайды. Құзырлы басқарма арнайы гео-портал әзірледі.​

Мұрат Өмірәлиев, облыстық жер қатынастары басқармасының басшысы:

– Ауыл шаруашылығы бөлімдері өздері қарап, пайдаланылмай жатқан жерлерді анықтап, оларға пайдалану туралы ұсынымдар береді. Пайдаланылмаған жағдайда 10 еселенген салық өлшемі әр гектарға ұлғайтылады. Сонымен қатар егер де мемлекет меншігіне мәжбүрлеп алынып қойған жағдайда бұл субъектілер 3 жылға дейін конкурсқа қатыса алмайды.

Хабар 24 телеарнасы