432,64 506,00 5.46
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Семейде сотталушылар балаларға арнап ойыншықтар жасады

  • 206
Семейде сотталушылар балаларға арнап ойыншықтар жасады

Шығыс Қазақстан облысында жазасын өтеп жатқан сотталушылар асыраушысынан айырылған балаларға арнап түрлі ойыншықтар жасады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Қатаң режимдегі тәртіппен түзеу мекемесіндегілер шикізат ретінде кәдімгі гипсті қолданған. Бүлдіршіндерге арналған сыйлықтардың арасында «Маша мен аю», «Кунфу панда», «Миньондар» сияқты белгілі мультфилмдердің кейіпкерлері де бар. 50 ойыншықты жасап шығару үшін шамамен бір жұмадай уақыт кеткен. Жазасын өтеушілер өз қолдарынан шыққан түрлі фигуралар коллекциясын жергілікті балалар үйіне тапсырды.

Руслан Әбішев, жазасын өтеуші:

– Бар мақсатымыз – жетімдер үйіндегі қамкөңіл жандарға қуаныш сыйлау. Бұл өз ойымыздан туындаған бұйымдар. Осындай ізгі шаралар алдағы уақытта да өз жалғасын табады деп ойлаймын.

Хабар 24 телеарнасы