432,64 506,00 5.46
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

СҚО-да кәсіпкер туған ауылына асфальт төсеу үшін 300 млн теңгеден астам қаржы бөлген

  • 239
  • UPD: 13:35, 27.09.2020

Дайындыққа даңғыл жол салуға ұмтылған солтүстікқазақстандық Біржан Шәймерденовтің бастамасы өзге өңірлерді қолдау тапса, кәні!

Туған жердің дамуына үлес қосуды ойлаған кәсіпкер өзі өсіп өнген 9 шақырымға асфальт төсеу үшін 300 миллион теңгеден астам қаржы бөлген,деп хабарлайды «Хабар 24».

Сол тоғыз шақырымда қаншама тауқымет бар екенін жергілікті тұрғындар жақсы біледі. Мәселе шешілсе, Дайындықтың даңқы арта түсер еді.

Дайындық – шағын ғана ауыл. Екі-ақ көшесі бар. Бірақ өңірдегі болашағы зор елді мекендердің бірі. Мұндағы барлық әлеуметтік нысан шаруашылық есебінен салынды. Былтыр ауыл ішіндегі жолдар толықтай асфальтталды. Нәжитесінде онда қоныс аударушылардың саны артқан.

Айжан Жанатова, Дайындық ауылының тұрғыны:

– 2019 жылы көшіп келдік. Өзімізге ұнайды. Жаңа үй берді бізге, жұмыс берді келе сала. Күйеуім қазір мектепте, өзім демалыста. Осы ауыл туралы есттіген соң, ұнаған соң көшіп келдік.

Шыны керек, бұрындары ауылға апаратын жолдың сапасы сын көтермейтін. Халық ойдым-ойдым жермен қатынап, әуре сарсанға түсетін.

Шәймерденовтар отбасы мал және егін шаруашылығымен айнылысады. Тапқан табысының бір бөлігін ауылдың гүлденуіне жұмсайды. Биыл олар жол құрылысына ден қойған.

Олжас Шәймерденов, кәсіпкер:

– 322 миллон теңге ақша бөлініп, 9 шақырым жерді салайын деп жатырмыз. 2 шақырым жолды өттік. Сапасы жақсы. Ойқы жерлері 13 сантиметрге кетеді.

Жалпы бұл – аудандық маңыздағы жол. Ол Дайындық және Ленинское ауылдарын республикалық трассамен байланыстырады.

Қайрат Бабақов, Лесной ауылдық округінің әкімі:

– Негізінен барлық 12 шақырымға 465 миллион теңге бөлінуге тиісті. Оның 250 миллионы биыл беріледі деді. Белгілі бір себептермен ол ақша бөлінбеді. Бірақ келесі жылы бөлінеді деген үміттеміз. Ондай болатын болса, республикалық трассадан осы Дайындық ауылына дейінгі аралықтың барлығы да тас жолға айналатын болса, онда логистика көлік шаруашылығы дейді ғой, сол өте жақсы дамиды.

Егер жол жақсы болса, онда ауылға көшіп келушілердің саны артатынына сенімді. Осының арқасында жұмыс күші де тартылады. Ал келесі жылы шаруашылық есебінен мұнда 30 баспананың құрылысы басталмақ.

Авторлары: Самат Қайырденұлы, Нұргүл Ахметова, Төлеген Иманов

Хабар 24 телеарнасы