432,64 506,00 5.46
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Шымкенттік өрт сөндірушілер мультфильм түсіріп жатыр

  • 245
  • UPD: 15:47, 27.09.2020

«Бебеу» деп аталатын туынды алғашында балаларға арналған суретті кітапша болып жарық көрген еді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Енді анимациялық бейнетуынды ретінде көрерменге жол тартады. Жоба авторы Еркебұлан Тасқараев төтенше жағдайлар саласында еңбек етсе де, өз жұмысын шығармашылықпен шыңдап келеді.

Еркебұлан Тасқараев Төтенше жағдайлар қызметі саласында 2010 жылдан бері еңбек етіп келеді. Оның бүлдіршіндерге арнап жазған әңгімесі әуелі комикс кітапша ретінде жарық көрді. Кейін тақырып ауқымы кеңейіп, өзекті жобаға айналды. «Бебеу» деп аталатын туындыны автор биыл мультфильм етіп шығаруды жоспарлапты. Еркебұланның бұл ұсынысын басшылығы да қолдаған. Жуырда ол анимациялық студиядағы мамандармен бірлесіп, туындының трейлерін шығарды.

Нұрболат Дербісов, қалалық төтенше жағдайлар департаментінің басшысы:

– Мұның негізгі мақсаты – балаларға өрт сөндіруді үйрету. Мысалы, балалар көбінесе үйде қараусыз қалып кетеді. Олар қараусыз қалған соң әр түрлі тоқ желілерімен ойнайды. Болмаса сіріңке мен ойнап, абайсызда өрт шығып, балалардың қайтыс болу оқиғалары да тіркеліп жатқандықтан, біз мұны қолға алдық. Жаман нәтиже болған жоқ. Мұның көмегі тиіп жатыр. Балалар қарайды. Ондағы өрт сөндіру машинасының бір-біріне деген баланың әкеге деген махаббаты оның жұмысына қызығуы қайырымдылық көрсетуі біздің жұмысымыздың бір шетін көрсету болды.

Анимациялық туындыда өрт сөндірушілердің күнделікті өмірі көрініс тапқан. Мысалы, «Бебеу» де әкесі сияқты өрт сөндіруші болғысы келіп, бір күні әкесінің жұмысына барады. Бірақ әкесі оның әлі жас екенін айтып, үйіне қайтарады. Қайтар жолда Бебеу түрлі оқиғаларға тап болған адамдарға көмектеседі. Осы арқылы біз өрт сөндірушілердің қызметін көрсеткіміз келді дейді Еркебұлан.

Ол бұл жұмысын биылғы Азаматтық қорғаныс саласының 25 жылдығына арнамақ.

Еркебұлан Тасқараев, қалалық ТЖД Қаратау аудандық бөлімінің басшысы:

– 2015 жылы бастаған болатынмын. Бұл жобамен бір жыл жүрдім. Басында мәтінін әзірлеп шығару керек болды. Өрт сөндіруші Бебеудің мұнда тезірек өртке шыққысы келеді. Оған әкесінің қарсы болуы, мамасының үй шаруасымен айналысып жатқаны рұқсатсыз әкесінің атынан үлкен бір өртке шығып кетуі оған әкесінің ұрсып кері қайтаруы келе жатып ол жолда бірнеше оқиғаларға тап болады да сосын өрт сөндіру құтқарушы болу оңай емес екендігін түсініп, кейін сол оқуды бітіріп содан тоқтайды бұл туынды.

Бұл жобаға қолдау көрсету үшін қалалық әкімдікке ұсыныс жасалыпты. Трейллер ретінде танылған «Бебеудің» толықметражды мультфильм болатын күн де алыс емес. Еркебұланның ендігі арманы – оны келешекте сериалға айналдыру. Мұндағы мақсат – қызмет барысында ерлікпен қаза болған әріптестеріміздің өмірін көрсету дейді ол.

Авторлары: Нұрбек Байбосын, Нұрмахан Мұсатов

Хабар 24 телеарнасы