427,88 501,70 5.49
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Елордаға ШҚО-дан 300 тонна ауылшаруашылық өнімі әкелінді

  • 138
  • UPD: 22:20, 27.09.2020

300 тонна ауылшаруашылық өнімі. Арқаға ел шығысынан бал, қымыз, балық келді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Елордадағы екі күнге жалғасқан жәрмеңкеде жұрттың қарасы көп. Табиғи, таза өнімдерді сағынған халықтың ықыласын тілші тарқатады.

Мерей Мұратханқызы, тілші:

- Шығыстың брендіне айналған балды елордалықтар таласа-тармаса алды. Өйткені табиғи өнімнің пайдасы орасан, бағасы да тиімді. Жәрмеңкеге 45 тонна бал әкелінген. Зайсанның балығы мен Үржардың алмасы да көпшілік көңілінен шықты.

Ғалым Рымбаев, қала тұрғыны:

- Өзіміздің елден, жерден келген. Оның дәмі де, иісі де басқа. Сондықтан ризамыз. Анда-санда келіп тұрсын. Елден бір хабар келгендей. Өзіміздің шығыс деп кешеден бері жүрміз.

Қыздаркүл Тоқбатырова, қала тұрғыны:

- Көкөністердің бәрін алып жатырмыз. Алма алып жатырмыз. Бәрі де арзан. Қызанақ, қияр алдық. Қысқа дайындалып жатырмыз. Салат жасаймыз.

Жәрмеңкенің алғашқы күні-ақ 300 тонна өнімнің 80%-і сатылып кеткен. Биыл шығыстан 40 тонна жылқы еті, 150 тонна картоп, 15 тонна сүт өнімдері, 10 тонна өсімдік майы мен 8 тонна қымыз, т.б. келді. Бастысы, баға қолжетімді.

Ержан Нұрбаев, Шығыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары:

- Шындықты айту керек, Нұр-Сұлтанның бағалары көкөніс жағынан арзандау екен бізге қарағанда. Кәсіпкерлерге 1 мың шақырымға заттарды әкелу шығын ғой. Соған қарамай, бәрібір біздің кәсіпкерлеріміз сол бағамен сатып отыр.

Шығыс Қазақстандағы 15 аудан мен екі ірі қалада ауыл шаруашылығы жолға қойылған. Табиғи өнімдер мен тартымды елорда жұртшылығын да тәнті етті.

Авторлары: Мерей Мұратханқызы, Ерзат Зайытхан

 

Хабар 24 телеарнасы