428,68 501,70 5.55
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Темекі бағасы бір жылда 13% қымбаттады

  • 396
  • UPD: 10:17, 28.09.2020
Темекі бағасы бір жылда 13% қымбаттады

Қыркүйек айының басындағы мәліметтер бойынша бөлшек сауда орындарында бір қорап темекінің құны 489 теңгені құрады.

Бұл баға өткен жылмен салыстырғанда 12,7% қымбат, деп жазды energyprom.kz.

Темекінің бір қорабы Ақтөбе (534 теңге), Нұр-Сұлтан (521 теңге) және Тараз (506 теңге) қалаларында қымбат. Петропавл (468 теңге), Қызылорда (471 теңге) және Павлодар (474 ​​теңге) тұрғындары үшін арзанға түсіп отыр.

Қаржы министрлігінің хабарлауынша, 1 қазаннан бастап цифрлық таңбалауды енгізудің бірінші кезеңі аясында темекі өнімдерін сатудың жаңа шарттары күшіне енеді – енді ол міндетті таңбалауға жатады. Темекі өнімдерінің кез келген айналымы тек қажетті деректерді оқитын және оны фискальды мәліметтер операторларына жіберуге мүмкіндік беретін 2D сканерді қолдану арқылы ғана жүреді. Бұл нарықтың ашықтығын қамтамасыз етеді және халықты арзан, бірақ қауіпті контрафактілік өнімдерден сақтайды.

2020 жылдың мамырында Статистика комитеті темекіні тұтыну бойынша тұрғындар арасында сауалнама жүргізді. Сауалнамаға 5,5 млн респондент қатысты. Сауалнама нәтижесіне сәйкес қатысушылардың 21,9% темекі шегеді, ал 78,1% темекі шекпейді екен.

Елімізде күніне 14,1 млн дана темекі өнімдері тұтынылады. Күніне 961,9 мың адам өнеркәсіптік өндірілген темекі шегеді. Шылым шегетіндердің шамамен жартысы – 440,6 мың адам ​​күніне 15-24 темекіні пайдаланады. Тағы бір ширегі – 236,5 мың респондент күн сайын 10-14 темекі шегеді. Қатысушылардың 16,9%-і күніне 5-9 темекі тұтынатын болып шықты.

Хабар 24 телеарнасы