427,91 501,70 5.60
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Карантин шектеулеріне қарамастан той көп өткізілген өңірлер аталды

  • 241
  • UPD: 11:12, 28.09.2020
Карантин шектеулеріне қарамастан той көп өткізілген өңірлер аталды

Денсаулық сақтау министрлігі карантиндік шектеулерге қарамастан ең көп той өткен өңірлерді жариялады, деп хабарлады ҚазАқпарат.

Министрлік 2020 жылдың 5 шілдесінен бастап осы уақытқа дейін карантин кезіндегі тыйымға қарамастан той, еске алу шараларын өткізу бойынша 1110 құқықбұзушылық тіркелгенін хабарлады.

«Карантин шектеулеріне қарамай ең көп той, еске алу шараларын (банкеттер, үйлену тойлары, мерейтойлар, еске алу) өткізген – Қызылорда, Түркістан, Ақтөбе, Қарағанды, Атырау, Батыс Қазақстан, Алматы облыстары», - деп жауап берді министрліктен.

Хабар 24 телеарнасы