427,88 501,70 5.49
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Павлодар облысында құс тұмауының жаңа ошағы тіркелген жоқ

  • 181
  • UPD: 13:19, 28.09.2020

Өткен демалыс күндері Павлодар облысында құс тұмауының  жаңа ошағы  тіркелген жоқ.

Бұған дейін індет тараған Железинка және Тереңкөл аудандарындағы бірнеше ауыл карантинге жабылып, кең ауқымды вакцинациялау жұмыстары қолға алынған. Бұл екі ауданның да табиғаты құс өсіруге қолайлы. Өзен-көлге бай өлкеде халық оны табыс көзіне айналдырған.

Қауіпті кесел үй құстарын баудай түсірген. Железинка ауданының бір ғана Жаңа жұлдыз ауылында құс саны 4 мыңнан асады. Қазір оларды жою жұмыстары басталды. Мамандар 3-4 күн ішінде қанаттыларды дәрімен ұйықтатып, арнайы пеште өртеп жібереді. Ауыл 21 күнге карантинге жабылды. Осы ауданға қарайтын Ақтау ауылында 1 мың 539 құс осындай жолмен жойылды. Ал көрші тұрған Тереңкөл ауданының Трофимовка ауылында бұл жұмыстар аяқталыпты. Онда  2 мың 378  құс өртелген. Ауданда құстарды егу жұмыстары жалғасып жатыр. 45 мың 765 құсқа вакцина жасалды. Індет ошағы тіркелген аумақтарды зарарсыздандыру жұмыстары қолға алынған және ветеринариялық қызметтің қатаң бақылауында. Жалпы облыс аумағында құс тұмауына байланысты ахуал тұрақты.

Хабар 24 телеарнасы