427,93 501,70 5.55
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ақтөбеде үш айлық нәрестеден коронавирус анықталды

  • 300
  • UPD: 14:34, 28.09.2020

Ақтөбеде коронавирус дерті 3 айлық нәрестеден анықталды. Ата-анасы тұмауратып сырқаттанған бөбегін ауруханаға жеткізген. Сол жерде алған тест оң нәтиже көрсетеді. 

Мансұр Есқожин, тілші:

- Үш айлық бөбек Ақтөбе қаласының тұрғыны. Кеше оның ата-анасы тұмауратып сырқаттанған бөбегін ауруханаға жеткізген. Сол жерде алған тест оң нәтиже көрсетеді. Бұған дейін жедел респираторлы аурудың белгілері пайда болған. Қауіпті дерттен сезіктенгендіктен де дәрігерлердің көмегіне жүгінуді дұрыс деп шешіпті. Нәтижесінде ПTР тестілеу короновирус ауруын жұқтырғандығын дәлелдеді. Қазір бұл отбасымен байланыста болған барлық жақындары оқшауланған. Дәрігерлердің бақылауына алынды. Ал, бөбектің қауіпті дертті қай жерде және кімнен жұқтырғандығы тексерілуде. Айта кету керек өткен тәулікте Ақтөбе облысы бойынша «КОВИД-19» дерті 2 адамнан анықталды. Жалпы наурыз айынан бері өңірде 3243 дерек тіркелді. Қазіргі таңда науқастардың 97,7 проценті дертінен айыққан.

Хабар 24 телеарнасы