432,64 506,00 5.46
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Алматы облысындағы сегіз медицина мекемесіне күрделі жөндеу қажет

  • 155
  • UPD: 14:23, 28.09.2020
Алматы облысындағы сегіз медицина мекемесіне күрделі жөндеу қажет

Алматы облысының Балқаш ауданындағы 8 медицина мекемесіне күрделі жөндеу қажет немесе оларды қайта салу керек.

Өткен ғасырдың ортасында тұрғызылған нысандардың әбден тозығы жеткен. Мәселен, Ақкөл және Қарой ауылдарындағы аурухананың қабырғасы сабан кірпішпен қаланыпты. Нысан жарамсыз деп танылған. Соған қарамастан дәрігерлер халықты сол жерде қабылдап келеді. Шағын ауруханадағы жиһаздар мен тиісті қондырғылардың да жаңартылмағанына біраз жылдың жүзі болыпты. Дәрігерлер де тапшы. Мамандардың дені зейнет жасына жетіп қалған не, зейнеттегі кісілер. Айта кетейік, аталған ауылдар аудан орталығынан шалғайда орналасқан. 

Серікбай Мұсырпанов, Қарой ауылының тұрғыны:

- Бұл больница сонау одақ кезіндегі соғылған больница ғой. Содан бері есептесеңіздер 50-60 жылдай өмірі бар. Сондықтан ремонт қажет етеді. Кезінде ақсақалдар алқасы, осы жердегі қариялар бірнеше рет хаттар жазылған. Бұл жерде екі мыңдай халық бар. Біз енді үмітімізді үзбейміз. 

Дәурен Иманәлиев, Балқаш аудандық ауруханасының бас дәрігері:

- Алдағы уақытта 21 жылға Ақдала мен Береке ауылдарына жаңа фельшерлік-акушерлік пункт салынуға құжаттары дайындалуда. Сонымен қатар Қарой, Ақкөл ауылдарының техникалық құжаттамалары дайындалып, сметалық жобаға ұсынылып отыр. Бақбақты ауылдық ауруханасының құжаттамалары дайындалуда проектілік сметалық жобаға ұсынылды.

Хабар 24 телеарнасы