432,64 506,00 5.46
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Бүгін Алматыда жылу беріле бастады

  • 142
  • UPD: 15:35, 28.09.2020
Бүгін Алматыда жылу беріле бастады

Алматы қаласының әкімі Бағытжан Сағынтаевтың тапсырмасы бойынша жылу беру маусымын бүгін, 28 қыркүйектен бастау туралы шешім қабылданды.

Энерготиімділік және инфрақұрылымдық даму басқармасының мәліметі бойынша жылу желілері мен жылумен қамту жүйелері 100% дайын. Бұл туралы әкімнің баспасөз хатшысы Әсет Мұқажанов instagram парақшасында жазды.

«Алматы әкімі Б.Сағынтаевтың тапсырмасына сәйкес бірінші кезекте әлеуметтік нысандарға жылу беріледі. Балабақшаларға, мектептерге, денсаулық сақтау нысандарына бүгіннен бастап жылу толық қуатында беріледі. Тұрғын үйлер осы апта ішінде жылу жүйелеріне қосылатын болады», - делінген.

Қалада барлығы 444 білім беру нысаны, 133 денсаулық сақтау саласының нысаны және орталық жылу жүйесіне қосылған 8024 көп пәтерлі үй бар.

Айта кетерлігі, қалада бұған дейін жылу 15 қазаннан кейін, яғни үш күн ішінде ауаның тәуліктік орташа температурасы 8 градустан төмен болғанда берілетін.

Хабар 24 телеарнасы