428,68 501,70 5.55
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Сексеуіл ағаштарын заңсыз кескендер ұсталды

  • 324
  • UPD: 17:15, 28.09.2020
Сексеуіл ағаштарын заңсыз кескендер ұсталды

Қызылордалық полицейлер сексеуіл ағаштарын заңсыз кескен тұрғындарды ұстады, деп хабарлады Polisia.kz.

27 қыркүйекте Қызылорда облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының және Қызылорда облысы Табиғат қорғау полиция тобының қызметкерлері рейд жүргізу барысында қала шетінде «Газель» маркалы автокөлікті тоқтатты. Тексеру барысында автокөліктің жүк салғышынан екі куб көлемінде заңсыз кесілген сексеуіл бұталары анықталды.

Аталған дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 340-бабының 1-бөлігі бойынша (ағаштар мен бұталарды заңсыз кесу) сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде.

Хабар 24 телеарнасы