427,91 501,70 5.60
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Экс-банкир Жомарт Ертаев соттағы соңғы сөзін айтты

  • 161
  • UPD: 17:39, 28.09.2020
Экс-банкир Жомарт Ертаев соттағы соңғы сөзін айтты

Алматыда Bank RBK-дан 144 миллиард теңгені жымқырды деп айыпталған банкирлердің ісін қарау жалғасып жатыр, деп хабарлайды «Хабар 24».

Негізгі күдіктілердің бірі, тергеу изоляторында отырған экс-банкир Жомарт Ертаев бүгін сотта соңғы сөзін айтты. Ол кінәсін толық мойындап, өзінің іс-әрекетіне өкінетінін жеткізді. Ертаевпен бірге тағы 36 адамның ісі қаралып жатыр. Олардың арасында банктің бұрынғы топ-менеджерлері мен қатардағы қызметкерлері де бар. Жомарт Ертаев қылмыстық кодекстің үш бабы бойынша айыпталып отыр. Атап айтсақ, қылмысты ұйымдастыру, біреудің сеніп тапсырған мүлкін иемдену және қылмыстық жолмен алынған ірі көлемдегі ақшаны алу бар. Айыпталушылар соттан істің дұрыс қаралып, әділ шешім шығаруын сұрады. Жомарт Ертаевтың өзі де соттан бостандығынан айырмауды өтінді. 

Жомарт Ертаев, айыпталушы:

– Маған қатысты үкім шығаратын кезде менің үш жылдан астам уақыт бойы қамауда отырғанымды ескеруіңізді сұраймын. Қылмыстық кодекске сай тергеу изоляторындағы бір күн бір жарым тәулік болып есептеледі. Барымды беріп, шығынның көп бөлігін қайтаруға атсалысқанымды қаперіңізге алсаңыз. Алдағы уақытта да жәбірленуші тараптың талабын толық өтеуге дайынмын. Менің әлеуметке қауіп төндірмейтінімді де ескерсеңіз екен.

Хабар 24 телеарнасы