432,64 506,00 5.46
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Елімізде экологиялық тәрбиеге арналған пән енгізіледі

  • 225
  • UPD: 17:39, 28.09.2020
Елімізде экологиялық тәрбиеге арналған пән енгізіледі

Енді елімізде экологиялық мәдениетке тәрбиелейтін сағаттар мектеп бағдарламасына жеке пән ретінде енгізілмек, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұл туралы Қазақстандағы БҰҰ Даму бағдарламасының үйлестірушісі Фируз Ибрагимов хабарлады. Президенттің Жолдауында айтылған экологиялық тәрбие мәселесіне арналған брифингте озық елдердің тәжірибесін енгізу талқыланды. Білім және ғылым экология және геология ақпарат және қоғамдық даму министрліктері бірлесе іске асыратын бағдарламада АҚШ және Германияның тәжірибесі негізге алынған. БҰҰ Даму бағдарламасының үйлестірушісі атап өткендей, экология мәселесі қоғамның барлық саласын қамтиды. Сондықтан мектеп бағдарламасына ортақ пәннен бөлек, жекелеген бағыттары бойынша факультативті сабақтар енгізілуі мүмкін.  

Хабар 24 телеарнасы