432,64 506,00 5.46
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Мағзұм Мырзағалиев елімізде қар барысын қорғау туралы айтты

  • 148
  • UPD: 18:07, 28.09.2020

Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мырзағалиев «Алтын Емел» мемлекеттік ұлттық табиғи паркінде алғаш рет көзге түскен қар барысының фото, видеоларымен бөлісті.

«Жақсы жаңалықпен бөліскім келіп отыр: «Алтын Емел» мемлекеттік ұлттық табиғи паркінде алғаш рет қар барысы байқалды. Жануар фототұзақ объективіне ілінген», – деп жазды министр Twitter парақшасында.

Орта Азияда сирек кездесетін сүтқоректі көктемде «Сайрам Өгем» ұлттық паркінде де көрініп еді.

Министрдің сөзінше, жойылып кету алдында тұрған сұлу жануардың саны әлемде бар болғаны 4 мыңдай ғана.

Қазақстан аумағында 120-130 бас қар барысы бар. БҰҰДБ Қазақстанның ерекше қорғалатын 13 аймағына 294 фототұзақ орнатқан.

«Барыстың көзге түсуі – ерекше құбылыс. Біз сирек кездесетін жануарларды барынша қорғауымыз керек. Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі бұл үшін бірқатар шараны қабылдап, жүзеге асырмақ», – деп жазды Мағзұм Мырзағалиев.

Хабар 24 телеарнасы