428,68 501,70 5.55
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ертіс өңірінде 300 орындық госпиталь ашылады

  • 256
  • UPD: 19:46, 28.09.2020
Ертіс өңірінде 300 орындық госпиталь ашылады

Қазір бұрынғы онкологиялық диспансердің ғимаратында орналасқан мекемеге құрал-жабдықтар орнатылып жатыр, деп хабарлайды «Хабар 24».

Алдағы күндері 5 жасанды демалу аппараты, 70 концентратор және 30 оттегі станциясы әкелінбек. Жауапты мамандар мұның бәрі короновирустың екінші толқынына дайындық екенін айтады. Дәрі-дәрмек пен қорғаныш құралдарының бір жарым айлық қоры дайын. Медициналық кадрлар бойынша 1000-нан астам маман біліктіліктерін арттырған.

Ардақ Сейітқазинов, облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының м.а:

– Бұл корпуста ауру жұқтырғандар компьютерлік томография, зертханалық диагностикадан өте алады. Триаж жүйесі аясында науқастар кешенді ем қабылдайды. Облыс бойынша коронавирустық инфекцияның екінші толқынына төрт мыңға жуық төсек-орын қоры бар. Жағдай ушықса, қорды бес мыңға жеткізе аламыз. Ал мобильді бригадалар саны 166-қа жеткізілді.

Хабар 24 телеарнасы