429,38 501,70 5.60
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Өскемендік құрылысшылар жұрттың үрейін ұшырды

  • 228
Өскемендік құрылысшылар жұрттың үрейін ұшырды

19-ықшам ауданда жарылыстың қатты болғаны соншалық, жан-жаққа тас ұшып, электр сымдары отқа орана жаздаған, деп хабарлайды «Хабар 24».

Кейбір пәтерлердің терезелері шытынап кеткен. Осындай жарылыстар жиі болатындықтан, сол маңдағы кейбір үйлердің қабырғаларында бұрыннан бар жарықтар одан сайын үлкейді дейді наразы жұрт. Тұрғындар мұндай жағдайдың тамыз айынан бері қайталанып келе жатқанын айтады. Содан бері қанша шағымданып, наразылық көрсеткенмен нәтиже жоқ.

Дастан Қазақбаев, қала тұрғыны:

– Қатты болғаны соншалық, үй дірілдеп кетті. Терезе шытынап кетті.

Владимир Лысенко, бұрғылау жару жұмыстары компаниясының мердігер директоры:

– Шынымен осы жолғы жарылыс қатты болғаны рас. Өте мықты жер қыртысын жардық. 2 тонна жарылғыш зат қолдандық. Бірақ ешқандай талапты бұзған жоқпыз. Ұшып кеткен тастардың барлығын жинастырдық. Ал қандай да бір үйге немесе пәтерге зақым келген болса, ол бас мердігер компанияның сақтандыру келісімшарты арқылы қалыпқа келтіріліп,шығыны өтелетін болады.

Хабар 24 телеарнасы