428,68 501,70 5.55
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қарағанды облысында сапасыз жол салған мердігер жауапқа тартылды

  • 275
Қарағанды облысында сапасыз жол салған мердігер жауапқа тартылды

Енді компания тасжолдың бұзылған 10 шақырымын өз қаржысына қайта жөндейді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Айта кетейік, Қарқаралы қаласы мен Қасым Аманжолов ауылының арасын жалғап жатқан 33 шақырым жолдың бүгінде әбден тоз-тозы шыққан. Тұрғындардың толассыз шағымынан соң, қазынадан 800 миллион теңге қаржы бөлініп, биыл бұл учаскеге жөндеу жұмыстары басталған болатын. Қазіргі күні аяқталуға жақын. Алайда сапасы сын көтермейді. Күні кеше салынған асфальт үгіліп жатыр. Құрылысты бақылап жүрген жергілікті тұрғындар жұмыс барысын телефонға түсіріп алып, әлеуметтік желіге жүктеген. Осыдан соң арнайы комиссия құрылып, жол сапасын тексерген екен. Мамандар бірқатар техникалық талаптардың сақталмағанын растап отыр.

Асхат Шахаев, ұлттық сапа орталығының жол инженері:

– Он шақырым жерінде ақаулар пайда боған. Ол ақаулардың пайда болу себептері жолдың негізгі қабатындағы сазды жерлері алынбай, салынып кеткен жол қабаты бұзылып, соның салдарынан ойшықтар пайда болған. Қазіргі таңда мердігер өз мойнына алып, барлық ақау шыққан жерлерді жасауға уәде берді.

Хабар 24 телеарнасы