432,64 506,00 5.46
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

ҚКХП: Зейнетақы жүйесін реформалау керек

  • 289
  • UPD: 20:34, 28.09.2020
ҚКХП: Зейнетақы жүйесін реформалау керек

Бүгін Қазақстан коммунистік халықтық партиясының Алматы комитетінде өткен бас қосуда еліміздегі зейнетақы жүйесі талқыланды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Оған партия мүшелерімен қатар қоғамдық ұйым өкілдері мен саясатттанушылар қатысты.

Қоғамдық тыңдауда айтылған маңызды ұсыныстың бірі – еліміздегі зейнетақы жүйесін реформалап, ізгілендіру. Зейнетке шығу жасын ұлғайту туралы пікірлер негізсіз. Өйткені қазіргі әлеуметтік ахуал мен халықтың өмір сүру көрсеткіші ескерілмейді. Тіпті зейнет жасына жете алмай жатқандар қаншама дейді партия өкілдері. Сонымен қатар адамның еңбек өтілі мен мамандығы бойынша зейнетақысы әділ есептелмейді. Мәселен, көп жыл бойы әскери ұшқыш, шахтер, диқан болып еңбек еткендер ең төменгі зейнетақы алады. Ал шенеуніктердікі олардан екі есе көп. Сонымен қатар партия өкілдері зейнетақы қорын басқарушы кеңестің құрамында міндетті түрде қоғамдық ұйымдар мен партиялардың өкілдері болу керек деп санайды.

Гүлдана Хасенова, ҚКХП қалалық комитетінің мүшесі:

– Төменгі зейнетақының деңгейін көтеру керек. Қазіргі бағалардың қымбаттауына байланысты. Ал жұмыссыз қалғандар, жұмыссыз отырғандар, 50 ден асқан ер азаматтар, әйелдер қызметсіз, ол категориямен ешкім шұғылданбайды. Қалай өмір сүріп жатыр, зейнетақыға да жеткен жоқ.

Хабар 24 телеарнасы