432,64 506,00 5.46
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

«Айбын 2020» әскери-патриоттық жастар жиыны онлайн форматта өтеді

  • 185
  • UPD: 20:33, 28.09.2020
«Айбын 2020» әскери-патриоттық жастар жиыны онлайн форматта өтеді

Қалыптасқан жағдайға байланысты осындай шешім қабылданды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бүгін республикалық жиынның ашылу салтанаты болды. Айтулы жарысқа 15 адамнан тұратын 39 команда қатыспақ. Еліміздің түкпір-түкпіріндегі әскери мектептер мен клубардың командалары 30-шы қарашаға дейін өзара мықтыны анықтайды. Жеңімпаздарға арналған бағалы сыйлықтар бар. Айта кетейік, Қарулы Күштер иммиджін арттыруға бағытталған шара биыл осымен алтыншы рет ұйымдастырылып отыр.

Мейірбек Меңдіғалиев, «Жас сарбаз» жасөспірімдер әскери-патриоттық қозғалысы РҚБ төрағасы:

– Біз қазір «Жас сарбаз» фронт-офисіне орналастық. Сол жерге видеолар жібереді. Осы жерде бағасын береміз.

Хабар 24 телеарнасы