432,64 506,00 5.46
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Маңғыстау облысының Аташ ауылындағы сапасыз жол қайта жөнделеді

  • 240
Маңғыстау облысының Аташ ауылындағы сапасыз жол қайта жөнделеді Zakon.kz

Маңғыстау облысының Аташ ауылындағы жол салушылардың олқылығына қатысты сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет департаменті тексеріс жүргізді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Нәтижесінде жолдың қақ ортасында тұрған газ құбыры осы аптаның аяғына дейін алынып, жол қайта салынатын болды. Сонымен қатар мердігер мекеменің жұмысын бақыламаған аудандық автомобиль жолдары бөлімінің басшысы жұмыстан босатылды.

Естеріңізге сала кетейік, өткен аптада ауылішілік жол салушылар газ құбырын алмастан асфальт төсеп, айды аспанға бір-ақ шығарған болатын. Жұмысшылардың бұл әрекеті әлеуметтік желіде қызу талқыланды. Өрескел қателікке жол берген мердігер мекеме сол түні төселген асфальт жабындысын қайта алып тастаған еді. Осыдан кейін сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес қызметі жол активтері ұлттық сапа орталығының мамандарымен бірге мониторинг жүргізді.

Ханшайым Құспанова, облыстық сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет департаментінің бас маманы:

– Аталған мәселе бойынша газ құбырын жолдың астыңғы бөлігімен өткізетін болды. Осыған байланысты 1 аптаның көлемінде Аташтағы жұмыс аяқталады деп жоспарлануда.

Хабар 24 телеарнасы