429,38 501,70 5.60
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


G20 саммиті онлайн форматта өтеді

  • 100
  • UPD: 08:10, 29.09.2020
G20 саммиті онлайн форматта өтеді

Коронавирус індетіне байланысты «Үлкен жиырмалықтың» жиыны онлайн форматта өтетін болды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Саммит 21-22 қараша күндеріне белгіленді. Оған Сауд Арабиясы төрағалық етеді. Ұйымдастырушылардың айтуынша, жиында адам өмірін қорғау мен экономиканы көтеру мәселелері талқыланады. Сонымен қатар әйелдер құқығы мен климатты қорғау жағына да баса назар аударылмақ.

Айта кетейік, ағымдағы жылдың көктемінде G20 елдері кезектен тыс кездесу өткізіп, коронавирус төңірегіндегі ахуалды талқыға салған еді. Сол кезде де кездесу онлайн өткен болатын.

Хабар 24 телеарнасы