429,59 501,70 5.61
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Елімізде қанша адам жұмыссыз отыр

  • 177
  • UPD: 09:48, 29.09.2020
Елімізде қанша адам жұмыссыз отыр

2020 жылдың екінші тоқсанында елімізде 454 мың жұмыссыз адам тіркелді.

Бұл 2019 жылдың екінші тоқсанымен салыстырғанда 2,8% көп. Жұмыссыздық деңгейі 5% құрады, ал бір жыл бұрын 4,8% болған, деп хабарлады finprom.kz.

Жұмыссыз қалған ер адамдар саны 216,3 мыңды, әйелдер саны 237,7 мыңды құрады. Ерлер арасындағы жұмыссыздық деңгейі 4,6%, әйелдер арасында 5,4%.

Қалаға қарағанда жұмыссыздық деңгейі ауылдық жерлерде төмен. Осылайша, ауылдардағы жұмыссыздар саны 174,7 мың адамды, қалаларда 279,2 мың адамды құрап отыр.

Аймақтық тұрғыдан алғанда, жұмыссыздардың көп бөлігі елдің оңтүстік аймақтарында тұрады: Алматы қаласы, Алматы облысы және Түркістан облысы. Алматыда 54 мың жұмыссыз адам бар, Алматы облысы тұрғындарының 49,4 мыңы, Түркістан облысы тұрғындарының 42,3 мыңы жұмыссыз.

Хабар 24 телеарнасы