432,64 506,00 5.46
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Ақмола облысының тағы үш ауданында құс тұмауы расталды

  • 129
  • UPD: 12:40, 29.09.2020

Ақмола облысында тағы үш ауданда құс тұмауы расталды.

Бұл туралы аймақтағы тілшіміз Айдарбек Айтмұхамбетұлы хабарлады.

Ветеринария басқармасы жұқпалы аурудың Ақкөл, Сандықтау және Целиноград аудандарында анықталғанын хабарлады. Осылайша құс тұмауы тараған аудандар саны 9-ға жетті. Қазіргі уақытта тек Жарқайың, Астрахан, Бұланды аудандарында карантин жарияланды. Қалғандарына қатысты қаулы дайындалып жатыр. Соңғы деректер бойынша өңірде 1139 құс қырылған. 174 мыңына вакцина салынды. Сондай-ақ Жақсы, Есіл, Шортанды аудандары мен Біржан Сал мен Степногорск қаласында құстардың жаппай қырылуы байқалды. Қазір ол жақтан алынған сараптама елордаға зертханаға жіберілді.

Талғат Жүнісов, облыстық ветеринария басқармасы басшысының орынбасары:

– Қазіргі уақытта құс тұмауы бойынша жағдай тұрақты деп айта аламын. Неге десеңіз, кешегі күнге құс тұмауынан 1132 бас өлсе, бүгінгі жағдайда 1139 бас өліп тұр. Бұл дегеніміз – 7 бір күнде ақ бас. Мал дәрігерлері вакцинациялау, дәрілеу жұмысын бір жұма, 10 күнде аяқтайды деп ойлаймын.

Хабар 24 телеарнасы